Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қабылдау бөлімінде үміткер Б. Бердалы желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде үміткер Б. Бердалы желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

Қойылған өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша болды.

Қойылған сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғастырыладындығы айтылды.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Қоағамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары, үміткерге сәттілік тілеп, партия тарапына алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Қабылдау бөлімінде үміткер Б. Бердалы желілік кестеге сай қабылдау жүргізді. - Yvision.kz