Үміткер Сауле Тұрдығалиқызының челленджі
Тәуелсіздік-бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең! 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен сал-дәстүрі, мәдениетімен экономикасы қалыптасты. Мен, Сәуле Тұрдығалиқызы 1991 жылы оқуымды тәмәмдап, алғаш еңбекке кіріскен жылы тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген екен. Яғни, менің еңбек өтілім тәуелсіздікпен жасты. Осы уақыт ішінде еліміз даму жолында көптеген тың өзгерістер болып,экономикасы дамыды. Көркейіп гүлденді. Көк туым мәңгі көк аспанда желбірей берсін!
#Челендж
