Федоровка ауылының тұрғындарымен жүздесу
Бүгiн ҚР Парламент Мəжiлiсiне үмiткер Снежанна Имашева Теректi ауданына iссапармен келiп, Федоровка ауылының тұрғындарымен жүздестi.Аудандық мəдениет үйiнде ɵткен кездесуде Снежанна Валерьевна, "Nur Оtan" партиясы Теректi аудандық филиалы тɵрағасының бiрiншi орынбасары Мирхат Ибраев, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Сержан Идиятов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Ɵз сɵзiнде Снежанна Валерьевна мұғалiмдер мен мемлекеттiк ауруханаларда жасайтын дəрiгерлердiң жалақысын арттыру; ауыл мен қала мектептерiнде бiлiм дəрежесiн бiрыңғай ету; студенттердiң стипендиясын кɵбейту; елiмiздегi ғалымдарға қолдау кɵрсету; жолдарды күрделi жɵндеуден ɵткiзу; қаладан шалғай орналасқан ауылдарды кɵгiлдiр отын жəне таза ауыз сумен қамтамасыз ету; əйелдердi қолдау; ауылдарда интерне…