Қоғамдық қабылдау бөлімінде үміткер С. Батырбаев желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.
«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде үміткер С. Батырбаев желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.
Қойылған өтініштердің басым бөлігі жұмыспен қамту саласы бойынша келіп түсті. Сонымен қатар партия тарапына ізгі тілектер айтылып, үміткер С. Батырбаевқа сәттілік тіледі.
Үміткер С. Батырбаев қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына және де өтініш-тілектерге заң аясында түсініктеме берді. Жұмыссыздық мәселесін болдырмау үшін және де «Nur Otan» партиясының халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы мынаған ықпал етеді:
деп бағдарламаны төмендегіше насихаттады:
📷тез әзірленетін тағамдар өндірісін кезең-кезеңмен кеңейтуге («CG Foods Central Asia» ЖШС);
📷майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару өндіріс орнын іске қосуға («Асыл бастау.kz» ЖШС);
📷минералды су шығару цехын ашуға («Асыл бастау.kz» ЖШС);
📷 қуаттылығы сағатына 1000 кВт кіші ГЭС жобасын жүзеге асыруға («Ынтамық» СТК);
📷индустриялдық аймақта Көкөніс өнімдерін өңдейтін өндіріс орнын ашуға инвесторлар іздестіруге;
📷ШОК саласындағы шағын жобаларды жүзеге асыруға;
📷мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 11,6 млрд. теңгені құрайтын 130 жобаны іске асыруға ықпал етеді.
Бұл шаралар 2025 жылға 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, жалақыны 108,0 мыңнан 135,0 мың теңгеге дейін өсіріп, жұмыссыздық деңгейін 5,0%-дан 4,7%-ға төмендетуге қол жеткізеді деп партияның Қазығұрт ауданы бойынша жасалған бағдарламасын насихаттады. Сонымен қатар Атамекен» ҰКП-мен
жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 5 азаматқа грант ұсынуға;
📷мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 400-ден аса азаматтардың гранттар (150) мен шағын несиелер (250) алуыға;
📷«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге (кәсібін кеңейту, қызмет көрсету саласына) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 98,0%-ға жетеді.
Аталған жағдайлар уақытылы және сапалы орындалатын болса,жұмыссыздық деңгейі ауданда төмендейтіні түсіндірілді.
Қабылдау соңында 10 қаңтар күні болатын сайлауда, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
