Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сенімді өкілдер желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде сенімді өкілдер желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақ, өтініш-тілектерге заң аясында түсініктеме берілді.

Қоғамдық қабылдауға түсіп-жатқан өзекті өтініштер әлеуметтік қолдауды талап етеді.

Әлеуметтік қолдауға байланысты,«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Тең мүмкіндіктер құрылатындығы көрсетілген. Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру көрсеткішін 100% жеткізуге;

📷 инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 34-тен 70-ке (100%) жеткізуге;

📷 мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;

📷 «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған кем дегенде 87 отбасыны тартуға;

📷 халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;

📷 демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;

📷 әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.

Нәтижесінде егде жастағы, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жағдайы жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар қолдау табады, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 100% қамтылады және аудандағы күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 14,0%-ға төмендейді.

Қабылдауға келген азаматтарға жоғарыда көрсетілген бағдарламаның бөліктері түсіндіріліп,алдағы науқанға қатысуға және де «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
115

Осы тақырып бойынша

Сенімді өкілдер желілік кестеге сай қабылдау жүргізді. - Yvision.kz