Мазмұнға өту

Жаңа

Праймериз пікірсайысы өтті.

Праймериз пікірсайысы өтті.

Бәйдібек аудандық праймериз қатысушыларының пікірсайысы ерекше өтті.  Шаян ауылындағы "Құрметті азаматтар" аллеясында ұйымдастырылған шарада кандидаттар ашық аспан астында сөз жарыстырды. Демалыс аллеясы бұл жолы ой сайыстыратын орталыққа айналды. Төрге жайғасқан алты үміткер жеребе бойынша кезек-кезегімен сөз сөйлеп, әлеуметтік мәселе, туризм кластері мен медицина саласын дамыту жайын көтерді. Жастарға жағдай жасау жағын қозғап, оны шешу жолдарын да ұсынды.

Бұл додаға "Шалдар" Бастауыш партия ұйымынан ұсынылған үміткер Байысбеков Айдар да қатысты. Айдар Мырзахметұлы көпшілікті өз бағдарламасымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Пікірсайыс фейсбук желісі арқылы тікелей эфир түрінде аудан тұрғындарының назарына ұсынылды.

0
0
213

Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бусаханова Сәуле Төрткүлбайқызы қоғамдық қабылдау

Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бусаханова Сәуле Төрткүлбайқызы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда: атаулы әлеуметтік көмек алу жолдары, бос жұмыс орындар мәселесі, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек беру жөнінде мәселер қозғалды.  Жұмыс сұрап келген тұрғындарға бос жұмыс орындары ұсынылды, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына да ықпал етті.  Бұл айтылған мәселелер «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА қарастырылған.

0
0
148

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин "Есіктен Есікке"акциясын өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин ауданымызға арнайы ат басын бұрып, "Есіктен Есікке" акциясы бойынша аудандағы аға буын өкілдері Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангосов Сарсенбай Берниязұлы жолдасы экономика саласында қызмет еткен Шокабаева Нурания Кабиевнаның шаңырақтарына барып «Nur Otan» партияcының сайлауалды бағдарламасын талқылап, үгіт-насихат парақтары ұсынылды. Сонымен қатар бір сыпыра ауыл тұрғындарымен жүздесіп ой-пікірлерін тыңдады. Аға буын ақсақалдармен кездесіп, хал-жағдайларын сұраған Аманғали Бердалин құшақ ашып құрмет көрсеткен ауыл ақсақалдарына ризашылығын білдірді . Сонымен қатар ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген сауалдар бойынша жан-жақты жауап берді.

0
0
209

Партияның сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда

Желтоқсан айының 24-ші жұлдызы күні аудандық штаб мүшелері  Қ.Исаев, Т.Қалдығұлов, А.Ордабаева, М.Далмағанбетов, А.Шүгірова және облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Сәрсенбай «ҚаламқасМұнайгаз» ӨБ ұжымымен кездесті. Кездесудегі басты мақсат - алдымыздағы жылдың 10 қаңтарына бекітілген еліміз үшін ерекше науқан сайлауға қатысқалы отырған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен ұжым мүшелерін таныстыру еді. Шарада алдымен сөз  алған Қ.Исаев партияның басымдық беріп отырған 7 бағытты егжей-тегжейлі түсіндіре келе: «Бұл бағдарлама барша тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, көптен қордаланған түйткілді мәселерін оңтайлы шешу жолдарын қарастырған, сонымен қатар, алдағы кезеңдерде атқарылуға тиіс бірқатар жаңа жобалар жоспары мен дамудың бағыт-бағдары әзірленген бағдарлама ел тұрғындары үшін пайдалы екені анық. Бастысы – аталған бағдарламада халықтың пікірі ескерілген. Еліміздің,  азаматтарымыздың өмірін жақсартуға бағытталған нақты шешімдер сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамын. Бос сөз бен құрғақ уәде емес, нақты әрекетпен ғана халық сенімінен шыға алатынымыз анық. Сондықтан партия бұл міндеттерді нақты қолға алып отыр»,-деді.  Өзге штаб өкілдері де бұл сөздерді нақтылай келе, алдағы сайлауға белсенділік танытуға шақырды.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарымен танысқан «ҚаламқасМұнайгаз» ӨБ ұжым мүшелерінің бірі М.Батыршаев сайлауға бірауыздан белсенділікпен  қатысатындықтарын жеткізді.

0
0
174

Партия мүшелерімен кездесті

Партия мүшелерімен кездесті

«Nur Otan» партиясының партияішілік праймеризіне «Шалдар» бастауыш партия ұйымынан ұсынылған үміткер Байысбеков Айдар Екпінді ауылдық амбулатория мен "Бәйменов" жалпы орта мектебіндегі "Нұр Отан" партиясының мүшелерімен  кездесті. Жиын барысында Айдар Мырзахметұлы ұжым қызметкерлеріне өзінің атқарған жұмыстарын баяндай келе, алдағы атқарылатын жұмыстарының жоспарымен де таныстырды. Өз бағдарламасын ұсынып, көпшіліктің қойған сауалдарына жауап берді.

0
0
186

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясын өткізді

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин  «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы бойынша ауыл сайлаушыларымен кездесті. Акция аясында Исетай Габдуллин аудандық сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіді.

Сонымен қатар облыстық мәслихат депуттағына үміткеріміз барша сайлаушыларды 10 қаңтар күні сайлауға қатысып, “Nur Otan” партиясын қолдауға шақырды.

0
0
170

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының Саяси  Кеңесінің Бюро отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні  «Nur Otan» партиясы
Талдықорған қалалық филиалының Саяси  Кеңесінің Бюро отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ғалымжан Райылұлы Әбдіраймов және Бюро мүшелері қатысты.

0
0
157

Қ.Бекенов сенімді өкілдермен бірге жастармен кездесті.

Кездесу барысында: Басты мақсат – жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, дұрыс бағдар беру. 
Сөз соңында Қ.Бекенов Қазақ халқы «Жас келсе – іске» дейді. Жасында ғылым тауып, білімге зейін қойған ғана шаруа істейді. Ол үшін жастарға жақсы өнеге көрсету керек.  Бірлігі бекем ел болуда болашақтың ұрпағын тәрбиелеуді бүгіннен бастау шарт.Болашақ жастардың қолында...

0
0
204

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб мүшелері, Шетпе ауылының тұрғындары

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб мүшелері, Шетпе ауылының  тұрғындары  және жастармен, "КаспийЦемент" ЖШС қызметкерлерімен, сайлауалды бағдарламаларды таныстыру жұмыстары тікелей эфир арқылы жалғасын тапты. «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желісінде желі қолданушылар, әрі сайлаушылар, үйден шықпай-ақ ұялы телефонымен желіге қосылып,  өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Өз кезегінде облыстық сайлауалды штаб төрағасы Е.Әбілов, К.Ешманов және «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы және Маңғыстау аудандық сайлауалды бағдарламаларының басты бағыттарымен  таныстырып, алға қойылған міндеттер мен жоспарлы жұмыстар жайынан хабардар қылды. Сонымен қатар штаб мүшелері «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, өңірімізді қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады» дей келе, 7 басым бағытын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

0
0
152

Партиялық бақылау комиссиясы


Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты аудандық "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Ж. Нуримов және партия жанынан құрылған партиялық бақылау комиссия мүшелері, аудандық аурухана жағдайымен қазіргі танда коронавирусты алдын алуға кандай іс шаралар жүргізіліп жатқанымен танысып, мониторинг жасады.

0
0
189