Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин "Есіктен Есікке"акциясын өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин ауданымызға арнайы ат басын бұрып, "Есіктен Есікке" акциясы бойынша аудандағы аға буын өкілдері Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангосов Сарсенбай Берниязұлы жолдасы экономика саласында қызмет еткен Шокабаева Нурания Кабиевнаның шаңырақтарына барып «Nur Otan» партияcының сайлауалды бағдарламасын талқылап, үгіт-насихат парақтары ұсынылды. Сонымен қатар бір сыпыра ауыл тұрғындарымен жүздесіп ой-пікірлерін тыңдады. Аға буын ақсақалдармен кездесіп, хал-жағдайларын сұраған Аманғали Бердалин құшақ ашып құрмет көрсеткен ауыл ақсақалдарына ризашылығын білдірді . Сонымен қатар ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген сауалдар бойынша жан-жақты жауап берді.

0
0
175

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин "Есіктен Есікке"акциясын өткізді - Yvision.kz