Партия мүшелерімен кездесті
Партия мүшелерімен кездесті
«Nur Otan» партиясының партияішілік праймеризіне «Шалдар» бастауыш партия ұйымынан ұсынылған үміткер Байысбеков Айдар Екпінді ауылдық амбулатория мен "Бәйменов" жалпы орта мектебіндегі "Нұр Отан" партиясының мүшелерімен кездесті. Жиын барысында Айдар Мырзахметұлы ұжым қызметкерлеріне өзінің атқарған жұмыстарын баяндай келе, алдағы атқарылатын жұмыстарының жоспарымен де таныстырды. Өз бағдарламасын ұсынып, көпшіліктің қойған сауалдарына жауап берді.
