Праймериз пікірсайысы өтті.
Праймериз пікірсайысы өтті.
Бәйдібек аудандық праймериз қатысушыларының пікірсайысы ерекше өтті. Шаян ауылындағы "Құрметті азаматтар" аллеясында ұйымдастырылған шарада кандидаттар ашық аспан астында сөз жарыстырды. Демалыс аллеясы бұл жолы ой сайыстыратын орталыққа айналды. Төрге жайғасқан алты үміткер жеребе бойынша кезек-кезегімен сөз сөйлеп, әлеуметтік мәселе, туризм кластері мен медицина саласын дамыту жайын көтерді. Жастарға жағдай жасау жағын қозғап, оны шешу жолдарын да ұсынды.
Бұл додаға "Шалдар" Бастауыш партия ұйымынан ұсынылған үміткер Байысбеков Айдар да қатысты. Айдар Мырзахметұлы көпшілікті өз бағдарламасымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Пікірсайыс фейсбук желісі арқылы тікелей эфир түрінде аудан тұрғындарының назарына ұсынылды.
