Партияның сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда
Желтоқсан айының 24-ші жұлдызы күні аудандық штаб мүшелері Қ.Исаев, Т.Қалдығұлов, А.Ордабаева, М.Далмағанбетов, А.Шүгірова және облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Сәрсенбай «ҚаламқасМұнайгаз» ӨБ ұжымымен кездесті. Кездесудегі басты мақсат - алдымыздағы жылдың 10 қаңтарына бекітілген еліміз үшін ерекше науқан сайлауға қатысқалы отырған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен ұжым мүшелерін таныстыру еді. Шарада алдымен сөз алған Қ.Исаев партияның басымдық беріп отырған 7 бағытты егжей-тегжейлі түсіндіре келе: «Бұл бағдарлама барша тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, көптен қордаланған түйткілді мәселерін оңтайлы шешу жолдарын қарастырған, сонымен қатар, алдағы кезеңдерде атқарылуға тиіс бірқатар жаңа жобалар жоспары мен дамудың бағыт-бағдары әзірленген бағдарлама ел тұрғындары үшін пайдалы екені анық. Бастысы – аталған бағдарламада халықтың пікірі ескерілген. Еліміздің, азаматтарымыздың өмірін жақсартуға бағытталған нақты шешімдер сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамын. Бос сөз бен құрғақ уәде емес, нақты әрекетпен ғана халық сенімінен шыға алатынымыз анық. Сондықтан партия бұл міндеттерді нақты қолға алып отыр»,-деді. Өзге штаб өкілдері де бұл сөздерді нақтылай келе, алдағы сайлауға белсенділік танытуға шақырды.
Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарымен танысқан «ҚаламқасМұнайгаз» ӨБ ұжым мүшелерінің бірі М.Батыршаев сайлауға бірауыздан белсенділікпен қатысатындықтарын жеткізді.
