Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб мүшелері, Шетпе ауылының тұрғындары

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб мүшелері, Шетпе ауылының тұрғындары және жастармен, "КаспийЦемент" ЖШС қызметкерлерімен, сайлауалды бағдарламаларды таныстыру жұмыстары тікелей эфир арқылы жалғасын тапты. «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желісінде желі қолданушылар, әрі сайлаушылар, үйден шықпай-ақ ұялы телефонымен желіге қосылып, өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Өз кезегінде облыстық сайлауалды штаб төрағасы Е.Әбілов, К.Ешманов және «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы және Маңғыстау аудандық сайлауалды бағдарламаларының басты бағыттарымен таныстырып, алға қойылған міндеттер мен жоспарлы жұмыстар жайынан хабардар қылды. Сонымен қатар штаб мүшелері «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, өңірімізді қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады» дей келе, 7 басым бағытын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

0
0
124

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб мүшелері, Шетпе ауылының тұрғындары - Yvision.kz