Пікірсайыс додасы оздырылды
2020 жылдың 24 желтоқсан күні "Aqjaiyq" телеарнасының тікелей эфирінде сайлауға қатынасушы саяси партиялардың арасында 3 кезеңнен тұратын пікірсайыс додасы оздырылды.Аталмыш теледебатқа 4 саяси партиядан екі-екі өкіл қатысып, өздерінің сайлауалды ұстанымдарын таныстырды. Пікірсайыс мәдениетінде қалыптасқан дәстүр бойынша жеребе тартылып, жеребе бойынша ең алғаш болып "Nur Otan" партиясы сөз алды.Партия атынан өкілдік етуші спикерлер - Мұрат Мұқаев пен Жаңабек Жақсығалиев пікірсайыстың құрастырмалы бөлімінде партияның алдағы уақытта орындай нақты қадамдарына тоқталды.Әр партия өздерінің сайлауалды бағдарламаларына қысқаша шолу жасағаннан кейін, саяси партиялар арасында өзара сұрақ-жауап алмасулар болды. Бұл орайда, Мұрат Мұқаев "Adal" партиясының өкілдеріне:- "Nur Otan" партиясы басынан-ақ…

