Тұрғындарымен жүздесу
Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер – Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Сержан Идиятов Долин ауылдық округiне қарасты Тɵңкерiс ауылының тұрғындарымен жүздестi.
Кездесуде партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi. Депутаттыққа үмiткерлер сайлауалды бағдарламада бекiтiлген 7 бағыттың əрқайсысына жеке тоқталып, ауданымыздың кɵркеюi мен дамуы жолында партияның атқаратын жұмыстары жɵнiнде мағлұмат бердi.
Тɵңкерiс ауылы тұрғындары ауылға мобильді байланыс жеткізілгенін, бірақ қызметі нашар екенін айтып, мәселенің шешілуіне қолдау көрсетуді сұрады.
Тұрғындарды толғандыратын мəселелердi тыңдаған Мирхат Мақсотұлы, Əлжан Жақсыгерейұлы жəне Сержан Серiкұлы сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

