Мәдениет қызметкерлерімен кездесті
Бүгін аудан орталығындағы коворкинг ғимаратында мәдениет қызметкерлерімен кездесу шарасы өтті.
Баршаңызға белгілі 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған орай ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында елімізде партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Үгіт-насихат жүргузу мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Люция Жұбанышқалиева, Нариман Мусенов, Бинұр Хабидашева, Аңсағаным Бақтыгереева және еңбек ардагері Жәрдемғали Балыков мәдениет қызметкерлері алдында сайлауалды бағдарламаларды кеңінен насихаттады. Алдымен сөз алған Люция Әсетқызы келушілерге рахметін айтып, сайлауалды бағдарламаның маңыздылығына тоқталды. Жеке кәсіпкер Нариман Мусенов пен мәдениет саласының қызметкері Бинұр Хабидашева да «Nur Otan» партиясының осы күнге дейін жеткен жетістіктерін айта келіп, аталмыш партияға дауыс беруге шақырды. Еңбек ардагері Жәрдемғали Балыков сайлау науқанында әрбір аудан тұрғыны атсалысу керектігін және оған жауапкершілік танытуларын атап өтті. Шара барысы карантиндік режимді сақтау арқылы өз мәресіне жетті.
Айта кетсек, аудан бойынша жасалып жатқан шаруалар баршылық. Бәрі де елдің игілігі үшін. Оның ішінде мәдениет саласына қатысты маңызы зор шаруалар да бар. Атап айтар болсақ, Амангелді ауылдық округіндегі мәдениет үйі көп жылдан бері жөндеу көрмей тұрған болатын. Ағымдағы жылы ол шаруа да қолға алынып сәтімен аяқталды. Сондай-ақ аудан орталығындағы мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Жақын арада олда пайдалануға берілмек. Осындай игі жақсылықтарды неге атап өтпеске?. Бұның өзі мәдениет саласына деген шынайы жанашырлықты білдіреді. Бүгінгі басқосуда да осы мәселелер айтылып, алдағы атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өткен болатын.
Аталмыш кездесуге жиналған мәдениет қызметкерлері өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
