"Махорин" шаруа қожалығының қызметкерлерiмен экспромт-кездесу
Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер – Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Сержан Идиятов Долин ауылдық округiндегi "Махорин" шаруа қожалығының қызметкерлерiмен экспромт-кездесу ɵткiздi.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, кəсiпкерлiктi дамыту, аудан халқының əл-ауқатын арттыру бойынша жоспарлар баяндалды.
Долин ауылдық округі Шөптыкөл ауылында орналасқан қожалық қызметкерлері ауылдағы ауыз су тапшылығы туралы айтып, мәселенің шешілуін сұрады. Кандидаттар бұл мәселе партияның Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын туралы айтып, оң шешімін табатынын жеткізді.
Қожалық қызметкерлерi елдiң қамы үшiн аянбай қызмет етiп жүрген азаматтарға сəттiлiк тiледi.

