Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кандидат - қонақта"

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Мереке Тлеков және партияның сенімді өкілі Мэлс Габбасовпен "Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы аясында 90 жастағы Балқия әжейге барып батасын алды.

Сонымен қатар, Үлкен Еңбек ауылының тұрғындарымен де кездестi. Шарада партияның атқарған игi iстерi сɵз болып, алдағы 5 жылда Теректi ауданында атқарылатын жұмыстар баяндалды.

Тұрғындар жастардың ауылға тұрақтауы үшiн елiмiз бойынша жүзеге асып жатқан əлеуметтiк бағдарламаларды түсiндiру жұмыстарының ұйымдастырылуы, кɵшенiң тазалығын сақтау үшiн тұрмыстық қалдықтарды лақтыратын контейнерлер қойылуы сынды толғандырған мəселелерiмен бɵлiстi.

Кездесу соңында Мереке Жолдыбайұлы 2021 жылы 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
173

Осы тақырып бойынша

"Кандидат - қонақта" - Yvision.kz