Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 4,6-шы бағыттары

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жубанова Кансулу «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Жаңаталап ауылының тұрғындарымен кездесті.

Дамудың 7 бағыттарының ішінде 4-шімен 6-шы бағыттарына толық тоқталып түсіндірді.

4. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН

Жастар - ел болашағы. Жаңа ұрпақ біздің еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы керек.

«Nur Otan» партиясы және оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз - мемлекеттік органдармен бірлесіп жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық әлеуетін, дамуын жүзеге асыруға жағдай жасау.

Бұл үшін “Nur Otan” партиясы келесі міндеттерді қояды:

- Ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. 2025 жылға дейін жыл сайын жаңа жұмыс орындарына 100 жастан орналастыруға;

- “Жасыл ел” еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге кемінде 400 жасты жұмысқа орналастыруға;

- Көпсалалы колледж базасында жаңа заманауи қажеттілігі бар мамандықтар ашуға;

- Қобда, Әлия,Талдысай ауылдарындағы “Coworking center” қызметі арқылы жастардың шығармашылығын және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға;

- “Жас Кәсіпкер” бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жылына кемінде 10 грант бөлуге;

- Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысының дамытуға.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) 2,5% - дан 2,3% - ға дейін төмендейді.

6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР

Ауданның табысты дамуының кепілі - мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделермен біріктірілген азаматтардың белсенділігі.

Мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы қатынастардың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары ашықтық, есеп беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы керек.

Ол үшін “Nur Otan” партиясы:

- Аудан тұрғындарының мәселелерін шешу жолдарын іздеу, соның ішінде тұрғындармен үнемі кездесулер өткізу арқылы ашық пікірталас алаңына айналады;

- “Nur Otan” партиясынан шыққан мәслихат депутаттары, оның Қоғамдық кеңестердегі өкілдері арқылы тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге ұмтылатын болады;

- Өзінің жұмысының негізгі нысандарының бірі болып- халықпен кездесулер, азаматтарды қабылдау және олардың нәтижелері бойынша нақты шешімдер қабылдауды бекітеді;

- Барлық деңгейдегі әкімдерден, жергілікті атқарушы органдардан тұрғындар алдында атқарылған жұмыс туралы тұрақты есеп беруді, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуы туралы тұрақты ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

- 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты арқылы көрсетілетін қызметтерді 100% , электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 90% -ға жеткізу.

- Сауда және қызмет көрсету нысандарында қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу (2025 жылға қарай электронды аударымдарды қолданатын кәсіпкерлер саны 85% -ға дейін артады);

- Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

- Төртінші деңгейдегі бюджетті бөлуге жергілікті қоғамдастықты мүмкіндігінше тарту;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, соның ішінде “Адал Ұрпак” мектеп клубтарының жұмысы аясында жүзеге асыру;

- “Адалдық алаңы” жобасымен бірлесіп, тұрғындар арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі іс-шараларға қатысуға азаматтарды тарту және аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмауға ҮЕҰ тартуға ықпал етеді.

0
0
144

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 4,6-шы бағыттары - Yvision.kz