Nur Otan партиясы Жаңаөзенде 2025 жылға дейін 3000 жұмыс орнын ашады
Nur Otan – мемлекетіміздегі көшбасшы партия. Мақсат-міндеті елдің әр азаматына лайықты өмірді қамтамасыз етуге бағытталған. Нұротандықтар бар күшін Жаңаөзен қаласының тұрғындарының жағдайын көтере отырып, сапалы білім, медицина, мемлекеттік қызметті алу үшін, ең бастысы мұнайлы өлкенің басты проблемасы болып табылатын жұмыссыздық мәселесін шешуге бағыттайды, – деді Nur Otan партиясы қалалық сайлауалды штабының орынбасары Андрей Нұртаев.Бұл сөздер «Өзенэнергосервис» мекемесінде өткен жиында айтылды. Кездесуге облыстық мәслихат депутатына кандидат Бауыржан Бердібайұлы мен қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Мереке Құлбеков, Қанат Елтезаров, Жақсылық Көптілеуов, Шәріп Ақжігітов, Ибрахим Қаржаубайұлы қатысты.2021-2025 жылдар аралығында Nur Otan партиясы қаладағы жұмыссыздық мәселесін шешуг…