Мазмұнға өту

Жаңа

Елімізде А гепатиті өршіп жатыр

ҚАЗАҚСТАНДА А ГЕПАТИТІМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІ ТІРКЕЛДІ2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары.                                       А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫА вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІАурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.А гепатитімен ауыра…

0
0
319

Маңғыстау облысында бір үйдің жоғалып кеткен балаларын бүкіл ауыл болып іздеген

Маңғыстау облысындаға Форт-Шевченко қаласында бір үйдің балалары кеше ойнап жүріп жоғалып кеткен.

Оларды құтқарушылармен бірге ауыл тұрғындары да жабылып іздеді. "Маңғыстау облысының ТЖД-не 2024 жылғы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012 ж.т, 2014 ж.т, 2018 ж.т. Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24.03. 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылысында табылды. Медициналық көмек қажет болмады", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
394

Еліміздің боксшылары Литвадағы сайыста 6 алтын иеленді

Қазақстан құрамасы Литваның Каунас қаласында өткен бокстан халықаралық турнирде үлкен жетістікке жетті.Фото: Қазақстан бокс федерациясыФиналда 9 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықса, соның алтауы алтын медаль жеңіп алды.Атап айтқанда, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен ұтты.Ирландиялық Паул Хэйл Джон жекпе-жектен бас тартқандықтан, Жандос Қыдырәлиев (63,5 кг) тағы бір алтынға қол жеткізді.Қорғаныста сауатты қимылдап, шабуылда ширақтық танытқан Елнұр Сүйінбай (67 кг) Польша өкілі Кирилл Глобенкодан айласын асырды.Фарух Тоқтасынов (71 кг) соңғы бәсекесін де қарқынды өткізіп, украиналық Максим Молоданға еш мүмкіндік берген жоқ.Азамат Бектас (75 кг) поляк Михал Ярлинскидің әлсіз тұсын тапса, Тұрсынбай Құла…

0
0
501

«Бұл оп-оңай!» Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенавидесті жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық сұмдық нокаутер, тіпті Канелоның өзі сескенетін, жеңілу дегенді білмейтін Дэвид Бенавидесті жекпе-жекке шақырды.27 жастағы Дэвид Бенавидес шаршы алаңға суперорта салмақта шығып жүр. 28-0 деген рекорды бар. 24 рет нокаут жасаған. Майк Тайсон оған «Мексикалық құбыжық» деген ат қойған.Бенавидес – WBC уақытша чемпионы титулының иегері. Соңғы жекпе-жекте америкалық боксшы Деметриус Андрадені нокаутқа жіберді.Жәнібек енді осы Дэвидтің деңгейіне көтерілгісі келеді екен.      «Бенавидес, егер мықтылармен төбелескің келсе, кел, солай жасайық! Біздің жекпе-жек жоғары деңгейде өтеді. Өзің де, жанкүйерлерің де білесіңдер. Егер салмақ келтіре алмасаң, мен 168 фунтпен де шығуға дайынмын. Бұл оп-оңай!», – деді қазақстанд…

0
0
600

"Крокус Сити Холл": қаза тапқандар - 133, зардап шеккендер - 152

Сонымен, соңғы мәлімет бойынша, Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқан адамдардың саны - 133, ал зардап шеккендер - 152. Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге жиналған. Кеш басталар алдында залға камуфляж киген бірнеше адам кіріп келеді де, автоматтан жан-жаққа оқ жаудырады.Осы атыстан кейін өрт шыққан. Қызыл жалын 13 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың төбесі опырылып түскен. Артынан арнайы жасақ "Крокус Сити Холлға" басып кіреді. 23 наурызда Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі осы лаңкестік әрекетке қатысты 11 адамның ұсталғанын хабарлады. Оның төртеуі концерт залындағы лаңкестік әрекетке тікелей қатысқан көрінеді. «Крокуста» оқ…

0
0
323

Президент Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
380

Павлодар облысында қаза тапқан балықшылардың денелері судан шығарылды

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты.

22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгені белгілі. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кетті. 23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды.

0
0
337

«Крокус Сити Холлдың» үйінділерін аршу барысында тағы да адам денелері табылды

«Крокус Сити Холл» концерт залыннадғы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың саны 115-ке жетті.

Ондағы үйінділерді аршып жатқанда тағы да адам денелері табылған. Іздеу шаралары әрі қарай жалғасуда.

0
0
344