Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы облысында жеке үйлерге таудан топырақ құлады

Алматы облысының Талғар ауданында тау баурайынан топырақ құлаған.2024 жылғы 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы нәтижесінде топырақтың батпақтануы орын алып, салдарынан таудың баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың өздігінен түсуі орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысша (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше мет…

0
0
377

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қазақстандық студенттер зардап шеккен жоқ

Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер Мәскеудегі қазақстандық студенттердің терактіден кейінгі жағдайы туралы хабарлады.

"22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты", - деп жазылған ҒЖБ телеграм-арнасында.

0
0
294

"Канделаки тағы қуып жүр". Ресей терактіден кейін кімге соқтығарын білмей отыр

Мәскеудегі оқиғаға қатысты бір ғана сұрағым бар. Егерде дәл осы сәтке дейін (Мәскеу уақыты бойынша 22:40) «Крокус сити холл» әлі де террористтердің қолында болса, ғимаратқа бірде бір полиция не ФСБ өкілі әзірге кірмесе, онда олар дәл 40 адамның өлгенін қайдан біліп отыр? Ішке кірмей жатып ондай нақты ақпараттан хабардар болудың бір ғана жолы бар. Ол - терактыны өздері ұйымдастырып, өздері басқарып отырса ғана.Тинаш Канделаки тағы қуып жүр. Бұл сылқымның не шегетінін білмеймін, бірақ кеше ол «Абай болыңдар, Ресейде терактлер болуы мүмкін, халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүріңдер» деп ескерткен АҚШ пен Ұлыбританияны Мәскеудегі атысты ұйымдастырған солардың өздері емес екеніне кепілдік бар ма деп лағып отыр.. Неткен идиотизм десеңші. Осыдан кейін жақсылық жасап көр бұл нақұрыс елге. Ерте…

0
0
346

Бүгін - Тазару күні

Бүгін 23 наурызда Наурызнама аясында Тазару күні аталып өтіп жатыр.

undefined

Фото: gov.kz

Бұл - наурызнаманың қорытынды күні. Яғни бұл күн жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алуға арналады. Сөйтіп, Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция, сенбілік өтеді.

0
0
365

«Крокус сити холлдағы» теракт: қаза тапқандар саны 60-тан асты

Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залында болған терактіден 60-тан аса адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған.

Лаңкестік әрекет былай басталыпты:

Жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге жиналған. Кеш басталар алдында залға камуфляж киген бірнеше адам кіріп келеді де, автоматтан жан-жаққа оқ жаудырады.

Осы атыстан кейін өрт шыққан. Қызыл жалын 13 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың төбесі опырылып түскен. Артынан арнайы жасақ концерт залына басып кіреді.

0
0
431

«Крокус Сити холлдағы» теракт: 40 адам қаза тапқаны айтылды

Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Фото: Reuters

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералды қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.

kaz.inform.kz

0
0
293

Наурыз туралы

22-ші март – Наурыз мейрамы. Күншығыс халқына тегіс мейрам қылып өткізу – салт болған күн. Мұны көп білгіштер «дін мейрамы деп жиреніп, лажы болса, құртып жіберу керек», – деп сопышыланып, аңқау елге арамза молдалық соғатын қазақ коммунист жолдастардан бар екен. Наурызға арналған намаз жоқ. Наурызда құрбан шалынып, Құран оқылмайды. Наурыз – жыл басы. Наурыз – күн мен түннің теңеліп, күннің асып кетіп бара жатқан уағына дәл келетін мейрам. Наурыз мұсылмандықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз – ел шаруасымен күн көріп, табиғат шарттарына тұрмыс көбірек байланысқан елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысқы қиыншылықтан құтылып, малы жұт қаупінен құтылып, аман қалған малы балалап, қорасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті жаз маусымында байлығын молайтудың, табиғатт…

0
0
330

Елімізде соңғы алты айда 36 қаржы пирамидасы анықталған

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы іске қосылды. Басты мақсат - алаяқтық жобалардың өмірлік циклын және оларға тартылған салымшылар санын қысқарту.IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізілуде.Ағымдағы жылы бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидаларының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді.Тек соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды.Олар бойынша «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды. Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық…

0
0
217

СҚО-да екі оқушы зейнеткерді өрттен құтқарды

undefined

СҚО Шағалалы ауылында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт алаңы 1 ш.м. Өрт ерікті өрт құралымының күштерімен жойылды.
Өрт болған жерге өрт сөндірушілер келгенге дейін Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы оқушылары 68 жастағы азаматты құтқарды.
Өрттің себебі - жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

0
0
252