Мазмұнға өту

Жаңа

Президент Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
358

Павлодар облысында қаза тапқан балықшылардың денелері судан шығарылды

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты.

22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгені белгілі. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кетті. 23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды.

0
0
328

«Крокус Сити Холлдың» үйінділерін аршу барысында тағы да адам денелері табылды

«Крокус Сити Холл» концерт залыннадғы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың саны 115-ке жетті.

Ондағы үйінділерді аршып жатқанда тағы да адам денелері табылған. Іздеу шаралары әрі қарай жалғасуда.

0
0
321

Алматы облысында жеке үйлерге таудан топырақ құлады

Алматы облысының Талғар ауданында тау баурайынан топырақ құлаған.2024 жылғы 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы нәтижесінде топырақтың батпақтануы орын алып, салдарынан таудың баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың өздігінен түсуі орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысша (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше мет…

0
0
355

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қазақстандық студенттер зардап шеккен жоқ

Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер Мәскеудегі қазақстандық студенттердің терактіден кейінгі жағдайы туралы хабарлады.

"22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты", - деп жазылған ҒЖБ телеграм-арнасында.

0
0
276

"Канделаки тағы қуып жүр". Ресей терактіден кейін кімге соқтығарын білмей отыр

Мәскеудегі оқиғаға қатысты бір ғана сұрағым бар. Егерде дәл осы сәтке дейін (Мәскеу уақыты бойынша 22:40) «Крокус сити холл» әлі де террористтердің қолында болса, ғимаратқа бірде бір полиция не ФСБ өкілі әзірге кірмесе, онда олар дәл 40 адамның өлгенін қайдан біліп отыр? Ішке кірмей жатып ондай нақты ақпараттан хабардар болудың бір ғана жолы бар. Ол - терактыны өздері ұйымдастырып, өздері басқарып отырса ғана.Тинаш Канделаки тағы қуып жүр. Бұл сылқымның не шегетінін білмеймін, бірақ кеше ол «Абай болыңдар, Ресейде терактлер болуы мүмкін, халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүріңдер» деп ескерткен АҚШ пен Ұлыбританияны Мәскеудегі атысты ұйымдастырған солардың өздері емес екеніне кепілдік бар ма деп лағып отыр.. Неткен идиотизм десеңші. Осыдан кейін жақсылық жасап көр бұл нақұрыс елге. Ерте…

0
0
329

Бүгін - Тазару күні

Бүгін 23 наурызда Наурызнама аясында Тазару күні аталып өтіп жатыр.

undefined

Фото: gov.kz

Бұл - наурызнаманың қорытынды күні. Яғни бұл күн жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алуға арналады. Сөйтіп, Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция, сенбілік өтеді.

0
0
350

«Крокус сити холлдағы» теракт: қаза тапқандар саны 60-тан асты

Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залында болған терактіден 60-тан аса адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған.

Лаңкестік әрекет былай басталыпты:

Жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге жиналған. Кеш басталар алдында залға камуфляж киген бірнеше адам кіріп келеді де, автоматтан жан-жаққа оқ жаудырады.

Осы атыстан кейін өрт шыққан. Қызыл жалын 13 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың төбесі опырылып түскен. Артынан арнайы жасақ концерт залына басып кіреді.

0
0
402