Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Павлодар облысында қаза тапқан балықшылардың денелері судан шығарылды

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты.

22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгені белгілі. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кетті. 23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды.

0
0
317

Осы тақырып бойынша