"Қазақстанда жасалған"
Теректiлiктер "Nur Оtan" партиясы Теректі аудандық филиалының "Қазақстанда жасалған" акциясына үлес қосу мақсатында дүкендерден отандық ɵнiмдердi сатып алды.


Теректiлiктер "Nur Оtan" партиясы Теректі аудандық филиалының "Қазақстанда жасалған" акциясына үлес қосу мақсатында дүкендерден отандық ɵнiмдердi сатып алды.


Бүгiн Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Мирхат Ибраев "Кандидат - қонақта" канвассинг шарасы аясында Богдановка ауылдық округiне қарасты Алғабас ауылының тұрғыны Асылзат Сарсенғалиеваның үйiнде арнайы болып, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлау туралы сɵйлестi.
Əңгiмелесу барысында "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылдың iшiнде атқарылатын жұмыстардан сыр шерттi.
Партияның сайлауалды бағдарламасымен толық танысқан Асылзат Қуатқызы депутаттыққа үмiткер Мирхат Мақсотұлына сəттiлiк тiлеп, ұсынысын айтып, ақ батасын бердi.
Содан соң Мирхат Мақсотұлы "Есiктен есiкке" акциясы бойынша дүкендердi аралап, үгiт-насихат қағаздарын таратып шықты.

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Аткеева Нұрсəуле Нұрланқызы facebook əлеуметтiк желiсiнде тiкелей эфир арқылы "Nur Оtan" партиясының Теректi аудандық филиалы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Тiкелей эфир барысында сайлауалды бағдарламаның жастарды қолдауға бағытталған жобалары баяндалды.
Атап айтсақ, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейiн 350-ден кем емес бiлiктi жас мамандарды қолдау; "Жас кəсiпкер" жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын iске асыруға жыл сайын 30 грант берiп, кəсiпкерлiктi дамытуға үлес қосу; жастардың шығармашылығын арттырып, дамыту үшiн Федоровка ауылында "Комьюнити орталығын" ашу; барлық ауылдық округтердер волонтерлардың клубын құру сынды жұмыстардың жүзеге асатыны айтылды.
Кɵрермендер сұрақтарын қойып, сəттiлiк тiледi.
ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлер - Мəлiк Құлшар, Сабира Сүндетова, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер: Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев, Шолпан Какижанова Ақжайық ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi.
Кездесуде "Nur Оtan" жəне партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi. Тұрғындар Ақжайық ауылындағы мектепке апаратын Бейбiтшiлiк жəне Насимуллин кɵшелерiн асфальттау сынды ɵздерiн толғандырып жүрген мəселелердi ортаға салды.
Жиында партияның атқарған жүйелi жұмыстары баяндалды.
Депутаттыққа үмiткер азаматтар мен азаматшалар тұрғындарды 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.


ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлер - Мəлiк Құлшар, Сабира Сүндетова, облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер Жаңылсын Оразғалиева, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер: Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Руслан Лұқпанов Шалқар ауылдық округiнiң тұрғындарымен жүздестi.Кездесуде "Nur Оtan" партиясының Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi.Партияның 2025 жылға дейiн атқаратын жұмыстарының жоспарларын мұқият тыңдаған Шалқар ауылдық округiнiң орталығы Сарыɵмiр ауылының тұрғындары Жайық ɵзенiнiң тартылуына алаңдайтындарын жеткiзiп, Шалқар кɵлiнiң жағдайын, "Жайық-Шалқар" каналы жайында сɵз қозғады. Сонымен қатар, мүмкiндiгi шектеулi жандарды қолдау қажеттiгiн де атап ɵттi.Депутаттыққа үмiткерлер тұрғындарды 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын с…
ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлер - Мəлiк Құлшар, Сабира Сүндетова, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер: Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев, Аманғали Бɵкенбаев жəне Сырымбек Ахметов Аңқаты ауылдық округiнiң тұрғындарымен жүздестi.
Кездесуде "Nur Оtan" партиясының Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы толық түсiндiрiлдi.
Партияның осы уақытқа дейiн атқарған жұмыстары мен алдағы 5 жылдыққа жоспарын мұқият тыңдаған аңқатылықтар жылы лебiздерiн айтып, сəттiлiк тiледi.
Депутаттыққа үмiткерлер Аңқаты ауылының тұрғындарын сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

24 желтоқсанда Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Арман Сағидоллин тiкелей эфир арқылы үгiт-насихат жұмыстарын жүргiздi.
Тiкелей эфир барысында "Nur Оtan" партиясының Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында қарастырылған 7 бағыт таныстырылды.
2025 жылға дейiн атқарылатын жобалар жɵнiнде баяндады және ауыл тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы атынан Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Амандыкова және Теректі аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Э.Утепбергенова Юбилейный ауылының тұрғындарымен кездесіп алдағы сайлауда партияға дауыс беруге шақырды.
Ауыл тұрғындары кездесуге келген кандидаттарға ауыл аумағындағы су тапшылығы туралы айтып, облыстық кандидатқа жеке мәселемен жолықты.
Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тұрғындар партияны қолдайтынын айтты.
«Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Есіктен-есікке» акциясы аясында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттыған үміткер Д.К.Алимбаев пен Д.А.Дигай Көксу ауданы Лабасы ауылдық округіне қарасты елді-мекен Жамбыл мен Мәмбет ауылына арнайы барып, тұрғындармен жүздесті. Ауыл тұрғындарына «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар үміткер олардың ұсыныстарын жазып алды. Жалпы «Есіктен-есікке» акциясы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана қоймай, халықтың қажеттілігін барып тыңдау. Үй-үйді аралау барысында жеке-жеке сұхбаттасып, түсінік жұмысын жүргізу. Осы мақсатта үміткер азаматтар ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат ж…
Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Үміткерлер ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құруға үгіттеді. Партиямен алда атқарылатын жұмыстар тізбегінен хабардар болған сала мамандары мен ауыл тұрғындары алдағы күнге сеніммен қарап, өз ризашылықтарын білдірді.