Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Есіктен-есікке» акциясы

«Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Есіктен-есікке» акциясы аясында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттыған үміткер Д.К.Алимбаев пен Д.А.Дигай Көксу ауданы Лабасы ауылдық округіне қарасты елді-мекен Жамбыл мен Мәмбет ауылына арнайы барып, тұрғындармен жүздесті. Ауыл тұрғындарына «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар үміткер олардың ұсыныстарын жазып алды. Жалпы «Есіктен-есікке» акциясы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана қоймай, халықтың қажеттілігін барып тыңдау. Үй-үйді аралау барысында жеке-жеке сұхбаттасып, түсінік жұмысын жүргізу. Осы мақсатта үміткер азаматтар ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, 10-шы желтоқсан күні болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын дауыс беруге шақырды.

0
0
130

Осы тақырып бойынша

«Есіктен-есікке» акциясы - Yvision.kz