ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлер Шалқар ауылдық округiнiң тұрғындарымен жүздестi.
ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлер - Мəлiк Құлшар, Сабира Сүндетова, облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер Жаңылсын Оразғалиева, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер: Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Руслан Лұқпанов Шалқар ауылдық округiнiң тұрғындарымен жүздестi.
Кездесуде "Nur Оtan" партиясының Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi.
Партияның 2025 жылға дейiн атқаратын жұмыстарының жоспарларын мұқият тыңдаған Шалқар ауылдық округiнiң орталығы Сарыɵмiр ауылының тұрғындары Жайық ɵзенiнiң тартылуына алаңдайтындарын жеткiзiп, Шалқар кɵлiнiң жағдайын, "Жайық-Шалқар" каналы жайында сɵз қозғады. Сонымен қатар, мүмкiндiгi шектеулi жандарды қолдау қажеттiгiн де атап ɵттi.
Депутаттыққа үмiткерлер тұрғындарды 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.


