ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлері Ақжайық ауылының тұрғындарымен кездестi.
ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлер - Мəлiк Құлшар, Сабира Сүндетова, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер: Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев, Шолпан Какижанова Ақжайық ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi.
Кездесуде "Nur Оtan" жəне партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi. Тұрғындар Ақжайық ауылындағы мектепке апаратын Бейбiтшiлiк жəне Насимуллин кɵшелерiн асфальттау сынды ɵздерiн толғандырып жүрген мəселелердi ортаға салды.
Жиында партияның атқарған жүйелi жұмыстары баяндалды.
Депутаттыққа үмiткер азаматтар мен азаматшалар тұрғындарды 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.


