Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Аткеева Нұрсəуле Нұрланқызымен тiкелей эфир
Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Аткеева Нұрсəуле Нұрланқызы facebook əлеуметтiк желiсiнде тiкелей эфир арқылы "Nur Оtan" партиясының Теректi аудандық филиалы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Тiкелей эфир барысында сайлауалды бағдарламаның жастарды қолдауға бағытталған жобалары баяндалды.
Атап айтсақ, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейiн 350-ден кем емес бiлiктi жас мамандарды қолдау; "Жас кəсiпкер" жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын iске асыруға жыл сайын 30 грант берiп, кəсiпкерлiктi дамытуға үлес қосу; жастардың шығармашылығын арттырып, дамыту үшiн Федоровка ауылында "Комьюнити орталығын" ашу; барлық ауылдық округтердер волонтерлардың клубын құру сынды жұмыстардың жүзеге асатыны айтылды.
Кɵрермендер сұрақтарын қойып, сəттiлiк тiледi.
