"Кандидат - қонақта"
Бүгiн Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Мирхат Ибраев "Кандидат - қонақта" канвассинг шарасы аясында Богдановка ауылдық округiне қарасты Алғабас ауылының тұрғыны Асылзат Сарсенғалиеваның үйiнде арнайы болып, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлау туралы сɵйлестi.
Əңгiмелесу барысында "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылдың iшiнде атқарылатын жұмыстардан сыр шерттi.
Партияның сайлауалды бағдарламасымен толық танысқан Асылзат Қуатқызы депутаттыққа үмiткер Мирхат Мақсотұлына сəттiлiк тiлеп, ұсынысын айтып, ақ батасын бердi.
Содан соң Мирхат Мақсотұлы "Есiктен есiкке" акциясы бойынша дүкендердi аралап, үгiт-насихат қағаздарын таратып шықты.

