Мазмұнға өту

Жаңа

Су басқан ауылдардан адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр

Төтенше жағдай қызметінің мамандары 37 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды.

Бүгін Қостанай облысының Қызыл Жұлдыз ауылында ТЖД күштерімен, 52859 ә/б жеке құрамымен және ЖАО-мен халықты эвакуациялау жүргізілуде.

Қазіргі уақыт бойынша 37 адам, оның ішінде 18 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда.

0
0
319

Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды. Бұл оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған. Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды. Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған. Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

0
0
332

Алматыда алиментін төлемей қойған тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Атқарушылық іс жүргізуді қадағалау шеңберінде, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында Наурызбай ауданы прокуратурасы ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Яғни бұл балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты.Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі дәлелденді. Сонымен қатар борышкердің үш айдан астам уақыт бойы алименттерді төлеу бойынша өз міндеттерін қасақана орындамағаны, төлемнен жалтару мақсатында өзінің нақты табысын саналы түрде жасырғаны, осыған байланысты екі миллион теңгеден астам берешек пайда болғаны анықталды.11.03.2024 жылы Алматы қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы О.Е.Ю. ҚР ҚК 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінә…

0
0
253

Ақтөбе облысында су басқан ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

Еліміздің Төтенше жағдай министрлігінің құрылымдары су басқан елді мекендерден адамдарды алып шығу ісін жалғастырып жатыр.

Осы сәтте Ақтөбе облысының Қанай ауылында жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Мұның себебі - еріген сулар мен жауын-шашынның көп болуы.

Айта кетейік, АҚО (Азаматтық қорғау органдары) қызметкерлері мен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері жүзу құралдарының көмегімен азаматтарымызды қауіпсіз орындарға жеткізеді.

t.me/qr_tjm

0
0
277

Қостанай облысында 2 тұрғын криптовалюта арқылы заңсыз 1 млн 350 мың доллар тапқан

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі азаматқа қатысты сотқа дейінгі іс қозғады.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай қаласында криптовалюта платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырған, аса ірі көлемде кіріс алумен байланысты аталған тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінің жолы кесілді. Клиенттерді енгізу және тарту үшін олар криптовалюта алмасу веб-сайтын жасады, ол арқылы кез келген адам криптовалюта айырбастауына өтініш бере алады. Аталған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар: жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин…

0
0
284

Блинкен: «АҚШ Қазақстанның көптеген жаһандық мәселелердегі шынайы көшбасшылығын мойындайды»

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесу өткізді.Фото: gov.kzКездесу барысында ҚР-АҚШ саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің үдемелі даму жайы талқыланды.М.Нұртілеу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының теңдестірілген сипатын атап өтіп, озық америкалық технологияларды тарту, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту және өзара тиімді сауда қатынастарына қол жеткізу арқылы Қазақстанның көлік-логистикалық, инфрақұрылымдық және сауда-инвестициялық әлеуетін прагматикалық іске асыруға ерекше назар аударды. Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 33%-ға артып, 4 млрд АҚШ долларын құрады.Сыртқы саяси ведомстволардың басшыла…

0
0
266

Президент ертең Қытайға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасында болады. Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. t.me/aqorda_resmi

0
0
312

Алтай Көлгінов елші болды

Кезінде еліміздің бас қаласының әкімі ретінде танылған Алтай Көлгінов енді дипломатиялық қызметке кіріскелі жатыр. Фото:gov.kz"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазады t.me/aqorda_resmi.Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекет…

0
0
242

Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды

t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылынан тасқын қаупіне байланысты 74 адам эвакуацияланды. Оның 30-ы - балалар.

Жағабұлық ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі ауланы су басып, Жем өзенінің арнасынан асу қаупі туындаған.

0
0
373

Рыбакина Майамиде жартылай финалға шықты

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Фото: ©WTA

Ол ширек финалда грекиялық Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 49 минутқа созылды.

Енді Рыбакина финалға шығу үшін белорус Виктория Азаренкомен (#32) ойнайды.

Ал Азаренко ширек финалда тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны (#68) 6:7(4), 1:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Бұл екеуі 3 сағат ойнады. Сөйтіп, Путинцева жартылай финалға шыға алмай қалды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық екі теннисшінің де ширек финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз.

0
0
277