Мазмұнға өту

Жаңа

Бишімбаевқа қатысты сот процесі тікелей эфирден көрсетілетін болды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырыстарын бүкіл ел халқы онлайн режимде бақылап отыра алады. Бұл туралы Жоғарғы сот өкілдері хабарлады.

"Қ.Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді. Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар", - делінген хабарламада.

Бұл іс бойынша ертең алқабилер іріктелетінін бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
268

Ақтөбе облысында бірнеше ауданды су басып жатыр

Ақтөбенің Темір, Әйтеке би, Мұғалжар және Байғанин аудандарында қауіпті сейілту, жол мен ауылды судан қорғау жұмысы жүріп жатыр. Фото: KazinformТөтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Темір ауданындағы жедел штабты басқарды. Бүгін ауданға облыс әкімі Асхат Шахаров барды.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бүгін өңірдегі ахуалды журналистерге айтып берді. Қазіргі кезде Темір, Әйтеке би, Мұғалжар және Байғанин аудандарында су бөгеу, жолын жыру жұмыстары жүріп жатыр.«Ақтөбе жағдай тұрақты. Бәрі тікелей өз бақылауымда. Қазіргі таңда қаупі бар төрт ауданның кейбір елді мекеніне су кірді. Онда барлығы 650 адам жұмыс істеп жатыр. Қосымша күш қажет болса, 3 мың адам дайын тұр. Темір ауданына барып, қараймын. Маңғыстаудан құтқару жасағын алу ҚР ТЖМ шешімі болды», - деді Ақтөбе облысының…

0
0
280

Қытаймен, соның ішінде Шыңжаңмен де ынтымақтастық арта түспек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады."Мен жуырда Үрімжіге бардым. Қазақстанның жалпы Қытаймен, соның ішінде Шыңжаң провинциясымен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына байланысты маңызды келіссөздер жүргіздік. Біз Қытайдың экономикалық өсімін жіті бақылап отырмыз және бұл бағыттағы қарқынды дамуы мен қол жеткізген нәтижелеріне баса мән береміз. Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі. Сондықтан біз сияқты көрші мемлекетке ынтымақтастықты ілгерілету тиімді әрі қажет. Қазақстанға келер болсақ, осы ықпалдастықты табысты дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деді Президент.Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сау…

0
0
249

Алматыда сәбиді автобуста ұмыт қалдырып кеткен (видео)

Алматыда автобустан кішкентай бала табылды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада коғамдық көлік жүргізушісінің сәбиді алып, патрульдік полиция қызметкеріне беріп жатқаны көрсетілген. Видеоға «Миы ашып жүрген біреу автобуста баласын ұмытып кеткен» деп жазылыпты.

«Ағасы келе жатыр. Осы жерде тұра тұрыңызшы», – дейді жүргізуші тәртіп сақшысына.

Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек те сәбидің туыстары тез табылғанын хабарлады.

«Ата-анасы бірнеше минутта табылды. Оларға баланы беріп жібердік. Бәрі жақсы», – деді ол.

0
0
265

Еліміздің Ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасының 31 жолдамасын иеленді

Франция астанасы - Парижде алауы тұтанатын Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.Фото: © SOPA Images Франция жеріндегі додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар (бокс (ерлер) – 6, нысана көздеу – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1,…

0
0
305

«Крокус» лаңкестеріне пәтерін жалға берген азамат қамауға алынды

Мәскеудің Басман соты «Крокус Сити Холдағы» лаңкестік әрекет бойынша сегізінші күдікті Әлішер Касимовты екі айға қамауға алды.

БАҚ-тың мәліметі бойынша, 32 жастағы Касимов – Қырғызстанның тумасы. Ол төрт лаңкеске пәтерін жалға берген. Ал лаңкестер баспананы терактіге дайындық жасауға пайдаланған.

Әлішер Касимов лаңкестік әрекетке дайындық туралы ештеңе білмегенін, тіпті пәтерінде қылмыскерлер тұрады деп еш ойламағанын айтқан. Ал баспананы жалға «Авито» сайты арқылы беріпті.

0
0
319

Ертең экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер іріктеледі

Осы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді. Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы жасақталады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

0
0
361

Барлық ел өзара қайшылықтарға қарамастан терроризмге қарсы күресте күш біріктіруге тиіс - Тоқаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенатының мүшесі Стив Дэйнске ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Американың ынтымақтастығы дәстүрлі түрде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қатынастарда парламенттік дипломатия маңызды рөл атқаратынын айтты.Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президенті елімізде инвестиция тарту, экономиканы ырықтандыру және өнеркәсіпті дамыту ісіне ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, энергетика, пайдалы қазбаларды барлау әрі өңдеу, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салалар қазақ-американ қарым-қатынастарының негізгі бағыттары саналады.Сондай-ақ халықаралық және өңірлік қ…

0
0
322

АҚШ-та автокөлік өтетін көпір құлады

АҚШ-тың Балтимор қаласында ұзындығы 2,5 шақырым болатын автомобиль көпірі опырылып түсті. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, соның алдында ғана оған жүк көлігі келіп соғылған.

Жергілікті шенеуніктердің мәліметі бойынша, оқыс оқиға салдарынан көпірден бірнеше көлік құлапты. Кем дегенде, жеті адам суға түсіп кеткен.

Әлеуметтік желіге салынған бейнежазбаға қарағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30 шамасында дәу кеме көпірге келіп соғылған. Содан өртеніп, суға батып кетеді.

MarineTraffic-тің мәліметі бойынша, көпірге соғылған 300 метрлік Dali контейнер тасығышында Сингапур туы болған. Ол Коломбоға (Шри-Ланка) қарай бағыт алған. Контейнер тасығыш Maersk ірі кеме қатынасы компаниясына тиесілі.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

0
0
286

Ән салып, трактормен тестке кеттік!

Әлеуметтік желіде оқушылардың трактордың тіркемесіне отырып алып, ҰБТ тапсыруға кетіп бара жатқан видеосы тарады.

«Бұл жұмысшылар емес. Бұл – БҚО Бөкейорда ауданының Мұратсай кентіндегі 11-сынып оқушылары.

Олар сынама ҰБТ тапсыру үшін Орал қаласына қарай осылай жолға шығады. Негізі, тіркемесі бар трактор оларды Оралға апаратын күре жолға дейін ғана жеткізіп салады. Оған дейін 18 шақырым. Ал қаланың өзімен ара қашықтық – 550 шақырым. Сұрақ: Енді олар ары қарай қалай жетпекші?

Оқу-ағарту министрлігі, әкімдіктер, сіздер айтыңыздар!», – деп жазады Сырым Итқұлов.

0
0
322