Жұмысы уақытша тоқтаған Ақтөбе әуежайын осыншалық деңгейде су басқан
Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайын су басып жатқанын көрсететін видео тарады.

Өз аумақтарын осыншалық су басқанын әуежай әкімшілігі растап отыр. Ал бейнежазбадан ұшу-қону алаңының көлге айналып кеткенін байқайсыз.
Ақтөбе әуежайы ұшу-қону алаңын тазарту жұмыстарына байланысты уақытша жабылғанын бұрынырақ хабарлағанбыз.
