Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылына сапармен келгенімді пайдаланып,Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде қоғамдық қабылдау жүргіздім.

Қабылдауға жергілікті ауыл белсенділері, ақсақал ағалар келіп өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын берді, ой-пікірлерімен бөлісті. Қойылған сұрақтарға ауқымды және нақты жауап беруге тырыстым. Жалпы алғанда, "Nur Otan" партиясы тарапынан жұмыстар жүргізілуде, жер-жердегі көптеген мәселелерден хабары бар, жүйелі зерттеулер нәтижесінде проблемалар жинақталып, шешу жолдары мен бағыттары партия бағдарлама мазмұнында қамтылған. Болашақта осы бағытта жұмыстануға ынта бар, сондықтан қабылдауға келген әрбір азаматтан партия үшін дауыс беруді сұрадым.

#NurOtan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
157

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатырСайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды. 10 қаңтарда қазақ елі тағы бір үлкен тарихи таңдау жасап, саяси өмірінде дамудың даңғыл жолын айқындайды. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық сайлауалды штабының төрағасы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Арыстанбековтен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қазіргі барысы жөнінде сұрап-білген едік.– Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қалай жүріп жатыр?– Бүгінгі таңда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жан-жақты жүріп жатыр. Ауданымыздан облыстық мәслихат депутаттығына 3, ал аудандық мәслихат депутаттығына 28 кандидат бар. Барлығы да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатында ауыл-ауылдарда үгіт-насихат жасап жүр. Бұ…

0
0
149

Жетібай елді-мекенінде канвассинг

Сенек, Бостан ауылдарынан кейін, кешкісін атбасын Жетібай елді-мекеніне бұрдық. Жетібайлық мұнайшы, кәсіпкер азаматтармен алқалы құрма болды. Елдің белсенді азаматы, қоғамға жанашыр Жұмсақов Ағзам ағамыз Жетібайдағы экологиялық ахуалға алаңдайтынын, жұмыссыздық жағдайы да өршіп тұрғанын айтып, осы мәселелерді шешуге күш салу қажет екендігіне тоқталды. Одан басқа да азаматтардан бірнеше әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұсыныс-тілектер болды. Ауыл азаматтары сайлауда "NurOtan" партиясын қолдайтындарын білдірді.

#nurotan

#edilzhangbyrshin

0
0
149

Қоғамдық қабылдау.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген аудандық маслихатқа кандидаттар Ш.Бабашева, Ш.Дайрабаева азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Тұрғындар тұрғын үй, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелермен қайырылды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.

0
0
101

Ақтаудағы канвассинг

Мүмкіндіктері шектеулі мүшесі бар отбасыларына бардық.Олардың жағдайларымен танысып, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін және аманаттарын жинақтадық.Азат Жанғаұлы Есіркепов ініміз өзі бизнес жобасына қатысты қолдау қажет екенін айтса, Асылым Темірғалидің анасы жер учаскесін алуға көмектесу, осындай отбасыларына мемлекет тарапынан үйді жеңілдіктермен беруді, емге Үкімет тарапынан арнайы қомақты қаржы бөліп, қолдауды сұрады.Саят Бердіқылышұлының анасы бюджет тарапынан алып, беріліп жатқан инваколяскалардың диагнозға байланысты бейімделген түрлерін алса, мүгедек адамдардың қамқоршыларына автоьус, теміржол, ұшақ жол шығындарына жеңілдік қарастырылса, атаулы әлеуметтік көмек алуда проблемалардың бар екенін айтты.Nur Otan партиясы бұл бағыттағы мәселерге жете назар аударып, осы бағыттағы…

0
0
127

Ақтаудағы "Есіктен есікке" акциясы

Бүгін сенімді өкілдерімЮсуп Шахшаев,Аскар Дузмагамбетов,Нұржігіт Нұрболатұлы бірге 26, 27 шағын аудандарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Бұл шараға Jas Otan волонтёрлары да көмектесті. Пәтер иелерімен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтарда сайлауға қатысуға, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдық. Жалпы бірнеше үйдегі 104 сайлаушыны қамтыдық.

Nur Otan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
151

"Nur Otan" партиясының Жезқазған қалалық филиалы

"Nur Otan" партиясының Жезқазған қалалық филиалының эксперті Ботакөз Зейнурова тұрғындардың өтініш-тілектерін онлайн форматта тыңдады.

Желіге қосылған жезқазғандықтарды коммуналдық саланың мәселелері толғандырады. Ботакөз Зейнурова көтерілген шағымдар тиісті мекеме мен кәсіпорын басшыларына жеткізілетініне сендірді.

0
0
165

Құрметті отандастар!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.

Құрметті отандастар!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Тарих қойнауына енгелі тұрған 2020 жыл Қазақстан Республикасы үшін оңай болмады. Алайда, қазақ халқы тағы да өзінің күштілігін дәлелдеп, ел басына түскен қиыншылықты қасқая тұрып жеңіп шықты. Біз ажырамас бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында әлі талай сын-қатерлерден сүрінбей өтеріміз анық.Біз, "Nur Otan" партиясы Жаңа 2021 жылға өрелі жоспарлармен қадам баспақпыз. Біздегі басты мақсат - туған жердің дамуына жаңа серпін беретін партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" бағдарламасын жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы межеге жетуде Сіздердің қолдауларыңызға сенім артамыз.2021 жылы армандар орындалып, әрбір үйде молшылық, береке-бірлік орнап, Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан гүлденіп өркендей…

0
0
166

Соғыс ардагерімен кездесу (канвассинг)

Түске таман Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше ордендер мен медальдардың иегері, шекарашы Боқаев Бисен ақсақалдың үйіне бардық. Аман-саулық сұрасқасын, әкеміз өз өмірінен біраз әңгіме айтты. Ағайын болып шықты. 30-шы жылдары ел Түрікменстан жаққа ауғанда, сегіз жаста екен. 1942 жылы әскерге шақырылып, Бессарабия, Румынияны азат етуге қатысыпты, Яссы-Кишинев операциясында шайқасқан. Соғыс біткесін 1949 жылға дейін КСРО шекарасын күзетуге қалдырылған екен. Армияда комсомол ұйымын басқарып, партияға да өтіпті. Бисеке "Екеуміз онда партиялас болып шықтық, мен де 1989 жылы армияда КПСС мүше болып едім" деп әзілдестік. Ақсақал мән-жайды білгесін "Айналаның бәріне айтамын",Nur Otan дұрыс қой" деді. Ас ауыз тиіп, әкеміздің батасын алып, қоштасып жатырсақ, бір кішкентай шөбересі маған "Ата сау б…

0
0
139