Мазмұнға өту

Жаңа

Экспромт - кездесу өтті.

Экспромт - кездесу өтті. Луговой ауылы тұрғындарымен экспромт - кездесу өтті. Халықпен тосыннан кездесуге облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар А. Қораласбаев пен Ш. Мырзалиев келді. Үміткерлер əрбір тұрғынға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сауалдарына жауап берді. Кандидаттар тұрғындар жағдайы ауылдың тұрақты əлеуметтік - экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, аудан тұрғындарының жағдайларын арттыруға күш салатындықтарын тілге тиек етті. Үміткерлер барлық сұрақтарға тұщымды жауап беріп, "Nur Otan" партиясымен бірге болуға шақырып, қолдау көрсететіндеріне сенім білдірді.

0
0
165

Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында жиын

18 желтоқсан күніNur Otan партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында болып, діни ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ, жиынға келген басқа да жергілікті тұрғындармен кездестім.

Бұл басқосу партияның сайлау бағдарламасын таныстырудан басталып, сосын ауылда жинақталған бірқатар маңызды мәселелер мен проблемаларға байланысты сұрақ-жауаппен жалғасты.

Кездесу барысында өңірге белгілі кәсіпкер Түймеш апамыз қойған жастарды жұмыс жасауға ынталандыру мен жұмыссыздық, маман табу қиындардықтары туралы айтқан пікірлерін бөлек түртіп алдым. Әрине, кадрлар мәселесі жүйелі қадамдарды талап ететін күрделі мәселе

#NurOtan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
164

Шетпе ауылында бір топ спортшы жастармен кездесу

18 желтоқсан күніNur Otanпартиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер ретіндеOspan Kazakhbayev пен бірге Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында бір топ спортшы жастармен кездесуде болдық.

Жастарға партияның сайлау бағдарламасындағы денсаулық және спортқа бағытталған нақты жоспарлар туралы, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы мен жетістіктер туралы сөз қозғап, жастарды партияға дауыс беруге үндедік.

#NurOtan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
194

Қоғамдық қабылдау

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылына сапармен келгенімді пайдаланып,Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде қоғамдық қабылдау жүргіздім.

Қабылдауға жергілікті ауыл белсенділері, ақсақал ағалар келіп өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын берді, ой-пікірлерімен бөлісті. Қойылған сұрақтарға ауқымды және нақты жауап беруге тырыстым. Жалпы алғанда, "Nur Otan" партиясы тарапынан жұмыстар жүргізілуде, жер-жердегі көптеген мәселелерден хабары бар, жүйелі зерттеулер нәтижесінде проблемалар жинақталып, шешу жолдары мен бағыттары партия бағдарлама мазмұнында қамтылған. Болашақта осы бағытта жұмыстануға ынта бар, сондықтан қабылдауға келген әрбір азаматтан партия үшін дауыс беруді сұрадым.

#NurOtan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
172

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатырСайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды. 10 қаңтарда қазақ елі тағы бір үлкен тарихи таңдау жасап, саяси өмірінде дамудың даңғыл жолын айқындайды. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық сайлауалды штабының төрағасы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Арыстанбековтен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қазіргі барысы жөнінде сұрап-білген едік.– Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қалай жүріп жатыр?– Бүгінгі таңда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жан-жақты жүріп жатыр. Ауданымыздан облыстық мәслихат депутаттығына 3, ал аудандық мәслихат депутаттығына 28 кандидат бар. Барлығы да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатында ауыл-ауылдарда үгіт-насихат жасап жүр. Бұ…

0
0
170

Жетібай елді-мекенінде канвассинг

Сенек, Бостан ауылдарынан кейін, кешкісін атбасын Жетібай елді-мекеніне бұрдық. Жетібайлық мұнайшы, кәсіпкер азаматтармен алқалы құрма болды. Елдің белсенді азаматы, қоғамға жанашыр Жұмсақов Ағзам ағамыз Жетібайдағы экологиялық ахуалға алаңдайтынын, жұмыссыздық жағдайы да өршіп тұрғанын айтып, осы мәселелерді шешуге күш салу қажет екендігіне тоқталды. Одан басқа да азаматтардан бірнеше әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұсыныс-тілектер болды. Ауыл азаматтары сайлауда "NurOtan" партиясын қолдайтындарын білдірді.

#nurotan

#edilzhangbyrshin

0
0
169

Қоғамдық қабылдау.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген аудандық маслихатқа кандидаттар Ш.Бабашева, Ш.Дайрабаева азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Тұрғындар тұрғын үй, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелермен қайырылды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.

0
0
122

Ақтаудағы канвассинг

Мүмкіндіктері шектеулі мүшесі бар отбасыларына бардық.Олардың жағдайларымен танысып, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін және аманаттарын жинақтадық.Азат Жанғаұлы Есіркепов ініміз өзі бизнес жобасына қатысты қолдау қажет екенін айтса, Асылым Темірғалидің анасы жер учаскесін алуға көмектесу, осындай отбасыларына мемлекет тарапынан үйді жеңілдіктермен беруді, емге Үкімет тарапынан арнайы қомақты қаржы бөліп, қолдауды сұрады.Саят Бердіқылышұлының анасы бюджет тарапынан алып, беріліп жатқан инваколяскалардың диагнозға байланысты бейімделген түрлерін алса, мүгедек адамдардың қамқоршыларына автоьус, теміржол, ұшақ жол шығындарына жеңілдік қарастырылса, атаулы әлеуметтік көмек алуда проблемалардың бар екенін айтты.Nur Otan партиясы бұл бағыттағы мәселерге жете назар аударып, осы бағыттағы…

0
0
145

Ақтаудағы "Есіктен есікке" акциясы

Бүгін сенімді өкілдерімЮсуп Шахшаев,Аскар Дузмагамбетов,Нұржігіт Нұрболатұлы бірге 26, 27 шағын аудандарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Бұл шараға Jas Otan волонтёрлары да көмектесті. Пәтер иелерімен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтарда сайлауға қатысуға, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдық. Жалпы бірнеше үйдегі 104 сайлаушыны қамтыдық.

Nur Otan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
172