Елде су тасқыны басталғалы бері 96 мыңнан астам адам үйлерін тастап шыққан
Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды.

Уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды.
Бірлескен күштермен 8,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды.
