Мазмұнға өту

Жаңа

Бишімбаевтың адвокаттарын сот залына кіргізбей қойды

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жалғасуда.

undefined

Адвокат Ерлан Ғазымжанов төрайымдық етуші судья Айжан Құлбаевадан адвокаттар Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанованы сот залына кіргізуге рұқсат беруін сұрады.

Айта кетейік, бүгін қорғаушылар белгісіз себептермен сот отырысына уақытында келе алмады. Бірақ кеше адвокат Құсайынова үзіліс жариялар алдында өзінің басқа сот отырысына қатысып жатқанын айтып, судьядан бүгінгі отырысты сағат 10:00-ге шегеруге рұқсат беруін сұраған еді. Судья одан бас тартты.

Бүгін енді кешігіп келгені үшін кіргізуден бас тартып отыр.

«Олар үзіліс жарияланған кезде кіре алады, қазір тікелей эфир болып жатыр», - деді судья Айжан Құлбаева.

https://t.me/satzhangram

0
0
348

Елдегі су тасқынына қатысты соңғы мәлімет

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат
undefined
- Азаматтық қорғау қызметтері 97 852 адамды, оның ішінде 32 856 баланы эвакуациялады.

- Уақытша орналастыру пункттерінде 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала бар.

- 8,8 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,4 млн. астам қапшық және 1,1 млн. тонна инертті материал төселді.

https://t.me/qr_tjm

0
0
313

Қылмыстық топтың басшысы Әзербайжаннан әкелінді

Қазақстанға Әзербайжаннан қылмыстық топтың басшысы экстрадицияланды.Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оның қызметіне басшылық еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Қазақстан азаматы экстрадицияланды. 2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты тікелей басқарды. Осы әрекеттің салдарынан мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.Кейін күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды.Әзербайжан Республикасының…

0
0
378

"Ертең мейрам, ертең той!" Елімізде сегіз жаңа кәсіби мереке пайда болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.Жаңа кәсіби мерекелерд…

0
0
421

Тоқаев Ердоғанға елдегі су тасқынына қатысты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті.
undefined
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.
Қазақстан Президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
458

Алматы облысындағы "Барыс" базары жақта алапат өрт болып жатыр (видео)

Алматы облысындағы "Барыс" базарының жанында қоймалар өртеніп жатыр, деп жазады https://t.me/kris_p_almaty_official.

Ал видеоның авторы "Бірдеңе жарылған сияқты. Бірақ не екені түсініксіз. Бәлкім, газ баллоны шығар" деп отыр.

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында жеке тұрған бір қабатты қоймада өрт болып жатыр. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде, деп хабарлады https://t.me/qr_tjm.

0
0
479

Ақтөбеде ішімдікке салынған әйел кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен

Ақтөбе облысы прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру шеңберінде құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық топ құрды.Мобильдік топтар ата-аналары азғындық өмір салтын ұстанатын, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын отбасыларды тұрақты негізде аралайды.Мысалы, Ақтөбе қаласының прокуратурасы 5-14 жас аралығында кәмелетке толмаған балалардың анасы алкогольдік  ішімдіктерге теріс пайдаланып, өз балаларын қараусыз қалдырғандығы анықтады.Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін  оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді.Қазіргі таңда, барлық ба…

0
0
263

Бишімбаев ісі: бүгін түске дейін не айтылды?

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысына Салтанат Нүкенованың астрология жөніндегі көмекшісі болған Анар Тасова куәгер ретінде шақырылды.Сурет: SATZHANGRAM  Тасова Нүкенованың өз жұмысын жақсы көргенін, клиенттері үнемі риза болғанын айтты. Бірақ Салтанат тұрмыс құрғаннан кейін біртүрлі әрекеттер жасай бастапты.«Ол күйеуге шыққан соң бірден аккануттарының кұпиясөздерін ауыстырып жіберді. Бұған мен қатты таңғалдым», – деді куәгер.Анар Салтанаттың мойнынан қылқындыру мен жіптің іздерін көргенін де айтты.   «Біздің бірге түскен суретіміз бар. Сол суретте де көгергендері көрініп тұр. Ол қырынан отырды. Өйткені маған көрсеткісі келмеді. Көгерген жерлер қолында да болды», – деді Тасова.Айыпталушы болса, осыған қатысты ойына…

0
0
248