Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-ға Жайықтан қауіп төніп тұр

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Батыс Қазақстан облысына қауіп төніп тұр.

undefined
Ресейдің Орынбор қаласының тұсындағы Жайықтың су деңгейі 11 метрден асып кетті. Бұл нормадан 2 метрге жоғары. Сондықтан БҚО-ға топан су жуық арада жетуі мүмкін.
Қазірдің өзінде Жайық жайылып, Орал қаласының іргесіне жетті.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
321

Топан судан зардап шеккендерге деп әр әншінің берген ақшасы күлкі келтірді

Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендер үшін өнер жұлдыздары жинаған қаржыға әр адамның қосқан ақшасы жұрттың жағасын ұстатты.

undefined

100.000...200.000... дей ме?... Негізі, "статус" деп, бір-бірімен жарысады, қымбат үй алып, қымбат көлік мініп, 10-15 млн-дық бренд сумка, бренд киімдеріне мақтанады.... шетел.... қыдыру, той-томалақ, астау-астау ет жегенін көрсеткенде, алдарына жан салмайды... тойда фонограммамен айтқан үш әні үшін халықтан алатын гонорарлары миллионнан кем емес... "Статустарына" лайық болу керек қой... Біртүрлі... тізімді оқып отырып мен ұялып кеттім...

Сәуле Әбілдаханқызының жазбасы

0
0
390

Астана су қоймасы кемеріне жетті

Астана су қоймасы 99%-ға толды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

undefined

Фото: gov.kz

Қазір келген суды транзиттік режимде өткізу жұмысы жалғасуда.

Су тасқынының белсенді кезеңі өтті, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Мұнда тәулік бойы мониторинг жасалады.
Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүргізіліп жатыр.

0
0
357

"Әр қиындықтың қайыры бар" - Президент биылғы су тасқыны туралы

Елімізде көп жыл бойы қордаланған мәселе әлі де аз емес. Түрлі саладағы түйткілдер шешілмеген. Соның салдарын енді көріп отырмыз. Бүгін Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.Мемлекет басшысы енді барлық мәселені міндетті түрде шешу қажеттігін, жүйелі жұмыс барлығын орнына келтіретінін айтты. Ол дәл қазір жасалған іс-әрекеттің игілігін ертең кейінгі ұрпақ көреді, сондықтан бүгінгілерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр деп есептейді. "Халқымыз бұдан да күрделі кезеңдерді еңсерген. Бәрін берекелі бірліктің арқасында жеңе білген. Қазіргі жауапты сәтте де мызғымас ынтымағымыз айқын көрініп отыр. Осы ауызбіршілігімізден айырмасын, барлығын да еңсереміз.Қазақ «Жамандық көрмей, жақсылық болмас» дейді. Елдің бірлігі де, мама…

0
0
293

"Бір қазан ет болды". Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде өлген атын жоқтады

Белгілі әнші, актер, продюсер әлеуметтік желіге атының видеосын салып, әсерлі жазба қалдырды. Атам марқұмның ақбоз айғыры болған. Ол кезде баламын. Облыс әкімшілігінің қызметкерлері қымбат дүниемен қосымша ақша ұсынып ақбоз атқа сауда берді. Атам келіспей атты бермейді. Үш күн өтпей ақырға ұялап өліп қалды. Бұл оқиғадан сабақ алғанмын. Қатты назар ауғанда саудасы келеді. Беру керек. Сол секілді біздің де жануарға елдер баға берді. Тікелей кездесіп сөйлеспегенсоң сататын ниет білдірмедім. Zero QARYZ - ға қаражаттан қиналған сәтте, ұсынған баға еске түсе беретін.Бірақ бұлай боларын кім ойлаған… Оқиғаны қалайша естен шығарып алдым?Үйірге жіберіп, биеге асылып, мінез шығарып жүргеніне балаша қуандық. Үйір қайыратын айғырдың әдеті емес пе? Айдаладағы айғырдан үйірді қызғанып, жарды көрмей құла…

0
0
472

Сәтбаев салған сара жолды жалғастыру қажет - Тоқаев

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр.Мемлекет басшысы ең алдымен жиналғандарды Ғылым күнімен құттықтады. Ол кеңес отырысына келгендер арқылы Қазақстан ғалымдарына жылы лебізін жеткізгісі келетінін айтты. "Шын мәнінде, бүгінгі мерекелік күн – қоғамымыздағы ерекше сәт, себебі бұл күн ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Біз Ұлы Абайды қазақ руханиятының темірқазығы, Ахмет Байтұрсынұлын Ұлт ұстазы дейміз. Ал Қаныш Сәтбаевты қазіргі қазақ ғылымының атасы деуге болады.Өздеріңіз білесіздер, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – халқымыздың біртуар перзенті. Еліміз әлі күнге дейін оның ғылыми жаңалықтарының игілігін к…

0
0
550

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырды. Алайда, ол баяу қарқынмен төмендеді. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Бірақ, мейлінше, жоғары деңгейде қалды. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр.Инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігі…

0
0
366

Елімізде жауын-шашынды, желді ауа райы сақталып, тіпті көктайғақ болады

"Қазгидромет" бүгін және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті. Фото: sputnik.kz«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады."Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады деген болжам бар. Жетісудағы Алакөл ауданында кей жерлерде желдің күші 30 м/с және одан да көп екпінді болуы мүмкін", - деді Алина Смағұлова. 12-14 сәуір аралығында СҚО Қызылжар ауданында және Петропавлда жауын-шашынның болжамына байланысты мұз құбылыстары әсерінен (мұз жүру, мұз кептелістері) Есіл өзеніндегі су деңгейі қауіпт…

0
0
372

Су басқан аймақтардан бүгінге дейін 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат

Азаматтық қорғау қызметтері 99 869 адамды, оның ішінде 36 591 баланы эвакуациялады.

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала бар.

9 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды.

0
0
317

"Жүрегімізбен алашшыл болып қалдық". Қаныш Сәтбаев туралы қызықты деректер

Бүгін ұлы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың (12.04.1899 – 31.01.1964) дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Осыған орай оған қатысты қызықты деректерді оқырман назарына ұсынып отырмыз. - Қаныш Сәтбаев қазақ жеріндегі Менделеев кестесінде бар барлық элементтерді тапқан. - Академик өрдегі Сарыарқаға қарай ағатын «Ертіс-Қарағанды» арнасының жобасын жасаған. Оның құрылысы 1961 жылы басталып, 1967 жылы аяқталды. Нәтижесінде Орталық Қазақстан толығымен сумен қамтамасыз етілді. - 1951 жылы Мәскеу Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Ысмайылов, Ахмет Жұбановарды ұлтшыл деп айыптап, Қаныш Сәтбаевқа осы адамдарды қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойғызғысы келеді. Бірақ академик одан бас тартқан. Содан кейін Сәтбаевтың өзі биліктегіледің қаһарына ұшы…

0
0
911