Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр
Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабындағылар хабарлады.

Өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына:
⁃ 1009 арнайы техника;
- 2291 мекеме жұмысшылары;
⁃ 3643 ерікті жұмылдырылды.
68,7 шақырым бөгет тұрғызылып, 216 тонна гуманитарлық көмек жиналды. 744,2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
