Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

"Ерке сылқымның" авторы қайтыс болды

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

undefined

Әбдімомын Желдібаев Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақыт "Шу еркесі" халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.

Автордың "Жетісу сазы", "Толғау", "Көк шолақ", "Сұңқар сезім", "Ерке сылқым", "Өмір өзен", "Әулие-ата", "Боз жігіт", "Ыдырыс" және тағы басқа күйлері мен "Сұлутер", "Қызыл гүлім-қызғалдағым", "Шырайлым", "Қызыл елiк", "Сырымды айтам" секілді көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.

Композитордың қазақ өнерінің алтын қорына енген "Өмір-дастан", "Жетісу сазы", "Шабыт", "Көкшолак". "Төле би толғауы", "Самғау", "Ерке сылқым" күйлерін ерекше атауға болады.

Осылардың ішінде, әсіресе, "Ерке сылқымның" шоқтығы биік. Тіпті осы туындының құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің, айрықша белгідегі «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері.

0
0
529

Осы тақырып бойынша

"Ерке сылқымның" авторы қайтыс болды - Yvision.kz