Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Мемлекетке 24 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

undefined

Фото: Bizmedia.kz

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.

Сонымен қатар, бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

0
0
300

Осы тақырып бойынша

24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды - Yvision.kz