Мазмұнға өту

Жаңа

Үкімет басшысы Атырау өңіріндегі су тасқыны жағдайын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді. Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қа…

0
0
449

Тағы бір іске қатысты сот отырысы тікелей эфирде беріле бастады

Бұл - Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, соның салдарынан үш адамның өліміне себепкер болған тұрғынға қатысты сот."ҚР Жоғарғы соты және сот әкімшілігі республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда.Алматы қаласында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.Естеріңізге салсақ, сотталушы А. 47-ші бағыттағы автобустың әйел жүргізушісін соққылаған еді. Соның салдарынан жүргізуші ә…

0
0
386

Бишімбаев көріпкелден Салтанаттың жағдайы жақсы деп жазуды сұраған

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына Салтанат қайтыс болатын күні экс-шенеунік хабарласқан көріпкел әйел онлайн түрде қатысты. Көріпкел қазір өзіне қоқаң-лоққы жасалып жатқанын алға тартып, жабық түрде жауап алуды сұрады. Прокурор Айжан Аймағанова да сондай өтініш берді.Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бірақ ол көріпкелден оның жеке мәліметтерін жарияламай және түрін көрсетпей жауап алынсын деді.Сонымен, жұмбақ көріпкелдің айтуынша, Бишімбаев телефонмен хабарласқанда оның ішіп алғаны байқалған. Әйел бірден «Салтанатқа жедел жәрдем шақыр» депті. «Ол 9 қараша күні телефон соғып: «Салтанат екеуміз қатты мас болып, қырғын төбелестік» деді. Мен бұны шын қабылдаған жоқпын. Сағат 15:00 мен 16:00-де бірінші қоңырау соғылды. Мен оған жедел жәрдем шақыру керектігін айттым. Аспа…

0
0
308

ШҚО-да жер сілкінді

Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында сезілді.
undefined
ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 24 сәуір сағат 11:19-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде орналасқан.
ШҚО-ның Зайсан ауданына қарасты Тасбастау ауылында жер сілкінісінің сезілуі 2 балл болды.

0
0
332

Қазақстан ТМД елдері арасында такси бағасының қымбаттығы жөнінен бірінші орында тұр

Елімізде такси тарифі - 1 шақырымға $0,67 (шамамен 300 теңге). Осылайша Қазақстан талдау жасалған 95 елдің арасында 73-орында тұр.
undefined

Фото: sputnik.kz

Сол тізімде ТМД елдері арасында Қазақстаннан кейін тұрғандар:

Әзербайжан – 79-орын (шақырымына $0,59);

Ресей – 85-орын (шақырымына $0,32);

Беларусь – 87-орын (шақырымына $0,31);

Армения – 89-орын (шақырымына $0,3);

Өзбекстан – 93-орын (шақырымына $0,3).
Ең арзан такси Мысырда ($0,2), ең қымбаты Швейцарияда ($4,4).

Ал ең қызығы, ТМД елдері арасында ең арзан бензин бізде екен, бірақ таксиіміз қымбат.

https://t.me/NRG_monitor

0
0
386

Су тасқыны кезінде эвакуацияланған адамдардың 31 мыңнан астамы үйлеріне қайтты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат:

Республика бойынша 31112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде.

5677 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түсті.

0
0
353

Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ауысты

undefined

Фото: Лугмар Буларов пен Юрий Шин. rosorgkomitet.ru, instagram.com/shin_yuriy/

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

undefined

Фото: Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк. assembly.kz, instagram.com/aurikadiak

Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

0
0
295

Қазақтың даласы мен қаласына су тасқынынан кейін өрт келіп жатыр

Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғастырылды.Елді мекендерге қауіп жоқ.Су ағызу құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатты.Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті жойды.Іле аудан…

0
0
408