Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Бишімбаев көріпкелден Салтанаттың жағдайы жақсы деп жазуды сұраған

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына Салтанат қайтыс болатын күні экс-шенеунік хабарласқан көріпкел әйел онлайн түрде қатысты.

undefined

Көріпкел қазір өзіне қоқаң-лоққы жасалып жатқанын алға тартып, жабық түрде жауап алуды сұрады. Прокурор Айжан Аймағанова да сондай өтініш берді.

Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бірақ ол көріпкелден оның жеке мәліметтерін жарияламай және түрін көрсетпей жауап алынсын деді.

Сонымен, жұмбақ көріпкелдің айтуынша, Бишімбаев телефонмен хабарласқанда оның ішіп алғаны байқалған. Әйел бірден «Салтанатқа жедел жәрдем шақыр» депті.

«Ол 9 қараша күні телефон соғып: «Салтанат екеуміз қатты мас болып, қырғын төбелестік» деді. Мен бұны шын қабылдаған жоқпын. Сағат 15:00 мен 16:00-де бірінші қоңырау соғылды. Мен оған жедел жәрдем шақыру керектігін айттым. Аспалы укол салсын дедім. Ол маған: «Қайдағы жедел жәрдем? Есін жисын да» деді. Қозғалмай ұйықтап жатқанын айтты.

Маған қайта-қайта телефон соға берді. Ол адам төзгісіз болып кетті. «Оның (Салтанат Нүкенованың – ред.) өзін жақсы сезінетінін, бәрі жақсы екенін жазыңызшы» деп өтінді. Ол мас еді. Мен телефонды баса салдым. Ол сөзін мұқият ойланып айтты», – дейді көріпкел әйел.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев бұрын бұл көріпкелден жұмыс бойынша кеңес алып жүрген.

0
0
272

Осы тақырып бойынша

Бишімбаев көріпкелден Салтанаттың жағдайы жақсы деп... - Yvision.kz