Су тасқыны кезінде эвакуацияланған адамдардың 31 мыңнан астамы үйлеріне қайтты
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат:
Республика бойынша 31112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде.
5677 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түсті.
