Мазмұнға өту

Жаңа

Бос орындар жәрмеңкесі

"Nur Otan"партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімінің және жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн – режимінде өткізілді. Өткізілген бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін өтетін бос жұмыс орындары, жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеген адамдарды жұмыспен қамту. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқандар: Мекемелер мен кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер. Барлық қатысқандар – 26 адам. Жәрмеңкеге барлығы 9 жұмыс беруші мекемелер қатысты, олар: «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Ұлан ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК ШЖК, «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ, «Ұлан ауданы әкімдігінің «…

0
0
165

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында онлайн қабылдау өткізді

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қабылдау бөлмесінде "Халыққа көмек" партиялық жобасы аясында аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сафималиев Азамат Сафималиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген үш адам тұрғын үймен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек алу және денсаулығына байланысты емделуі үшін материалдық көмек көрсету мәселелері қарастырылды.

Азамат Сафималиұлы әр тыңдалған мәселенің мән-жайына орай түсінік беріп, мекеме басшыларына қолданыстағы заңнама аясында мүмкіндігінше шешуге көмектесуді тапсырды.

0
0
225

Төрт автотұрақ салынады

Бүгін Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев онлайн форматта, яғни Facebook парақшасы арқылы бір жыл бойы атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдында есеп берді. Есептік кездесуге аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, ауыл әкімінің баяндамасын тыңдады. Абзал Бақытұлының айтуынша, аудан орталығында көптеген істер атқарылған. Мәселен, аудан орталығында балалар мен «Асық ату» алаңдары салынып, қыс уақытында «Асық ату» алаңында балаларға арналған сырғанау төбешігі қойылған. Сонымен қатар, ауыл әкімі биылғы жылдың жоспарларын атап өтті. Дәлірек айтсақ, Х.Чурин атындағы көшеде екі, А.Иманов және Т.Әбдірахманов көшелерінде автотұрақ салынады. М.Ықсанов пен М.Өтемісов атындағы көшелерінің қиылысында көлемі екі мың шаршы метрді құрайтын «Тәуелсіздік» алаңының құрылысы, үш көшенің жаяу жүргіншіл…

0
0
180

Бүгін аудан әкімдігінде аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимовтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімнің орынбасары Жақсылық Абдолов, кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Кеңесте «2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіту» туралы мәселе қаралды. Аталмыш мәселе төңірегінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндады.

Жиынға қатысушылар келешекте орындалатын мән - маңызы зор міндеттермен танысып, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

0
0
193

Бүгін аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өтті

Сессия мәжілісіне аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімнің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияның күн тәртібіне «2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіту» және аудандық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері ұсынылды.

Жиын барысында аталған мәселелердің жобалары депутаттарға таратылды.

Өзекті екі мәселе қаралған соң депутаттар бірауыздан дауыс беріп, екеуі де алдағы жоспарға бекітілді.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиұлы депутаттарға ауданның өркендеу жолында бірлесіп жұмыс жасаймыз деген сенім білдірді.

0
0
157