Бос орындар жәрмеңкесі
"Nur Otan"партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімінің және жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн – режимінде өткізілді. Өткізілген бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін өтетін бос жұмыс орындары, жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеген адамдарды жұмыспен қамту. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқандар: Мекемелер мен кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер. Барлық қатысқандар – 26 адам. Жәрмеңкеге барлығы 9 жұмыс беруші мекемелер қатысты, олар: «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Ұлан ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК ШЖК, «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ, «Ұлан ауданы әкімдігінің «Коммунальник» КМК, «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Багратион Улан» ЖШС, КМҚК «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі». Мүгедектер – 10 адам. Жәрмеңкеге қатысқан мүгедектердің арасынан 1 адамға жұмысқа жолдама берілді, 4 адамға қоғамдық жұмысқа жолдама берілді.
