ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бүгін аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өтті

Сессия мәжілісіне аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімнің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияның күн тәртібіне «2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіту» және аудандық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері ұсынылды.

Жиын барысында аталған мәселелердің жобалары депутаттарға таратылды.

Өзекті екі мәселе қаралған соң депутаттар бірауыздан дауыс беріп, екеуі де алдағы жоспарға бекітілді.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиұлы депутаттарға ауданның өркендеу жолында бірлесіп жұмыс жасаймыз деген сенім білдірді.