"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында онлайн қабылдау өткізді
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қабылдау бөлмесінде "Халыққа көмек" партиялық жобасы аясында аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сафималиев Азамат Сафималиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген үш адам тұрғын үймен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек алу және денсаулығына байланысты емделуі үшін материалдық көмек көрсету мәселелері қарастырылды.
Азамат Сафималиұлы әр тыңдалған мәселенің мән-жайына орай түсінік беріп, мекеме басшыларына қолданыстағы заңнама аясында мүмкіндігінше шешуге көмектесуді тапсырды.

