ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Төрт автотұрақ салынады

Бүгін Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев онлайн форматта, яғни Facebook парақшасы арқылы бір жыл бойы атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдында есеп берді. Есептік кездесуге аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, ауыл әкімінің баяндамасын тыңдады. Абзал Бақытұлының айтуынша, аудан орталығында көптеген істер атқарылған. Мәселен, аудан орталығында балалар мен «Асық ату» алаңдары салынып, қыс уақытында «Асық ату» алаңында балаларға арналған сырғанау төбешігі қойылған. Сонымен қатар, ауыл әкімі биылғы жылдың жоспарларын атап өтті. Дәлірек айтсақ, Х.Чурин атындағы көшеде екі, А.Иманов және Т.Әбдірахманов көшелерінде автотұрақ салынады. М.Ықсанов пен М.Өтемісов атындағы көшелерінің қиылысында көлемі екі мың шаршы метрді құрайтын «Тәуелсіздік» алаңының құрылысы, үш көшенің жаяу жүргіншілер жолының салынуы, аудан орталығындағы төрт (Қ.Мусин, А.Байтұрсынов, М.Өтемісов, Р.Егізбаев) көшеге асфальт төсеу жұмыстары көзделуде. Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан басшысы өткен жылдың атқарылған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта жоспарланған жобаларды алға тартты.