Бүгін аудан әкімдігінде аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимовтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімнің орынбасары Жақсылық Абдолов, кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Кеңесте «2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіту» туралы мәселе қаралды. Аталмыш мәселе төңірегінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндады.
Жиынға қатысушылар келешекте орындалатын мән - маңызы зор міндеттермен танысып, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

