Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қасым-Жомарт Тоқаев елордададғы SANA Sport орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында болды.

undefined

Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.

Мемлекет басшысына «Damu Development Group» консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы спорт залдарын, шығармашылық үйірме бөлмелері мен оқу кабинеттерін аралап көрді.

undefined

Сонымен қатар үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбекке сыйлық табыстап, сәттілік тіледі. Жас шахматшы бұған дейін Президентке хат жазып, кездесу жайында өтінішін жеткізген еді. Бүгін сол жүздесудің сәті түсті.

undefined

Кешенде 4 мыңнан астам баланың қосымша білім алуына жағдай жасалған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жеткіншектердің үйірмелерге қатысуына «Мереке» қайырымдылық қоры қолдау көрсетеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
282

Осы тақырып бойынша