Мазмұнға өту

Жаңа

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы

Сарыарқа орта мектебінің Кайынбаев Максат жетекшілік ететін Еріктілер ұйымы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында жалғызбасты зейнеткер Смагулова Рятимаға ауласындағы қарды күреп, көмек көрсетті.

1
0
194

«Біздің депутаттар» жаңа айдары-облыстық мәслихат депутаты Мукаев Мұрат Рахметұлы

Қайырлы күн, құрметті достар!Сіздерді облысымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мукаев Мұрат Рахметұлы.1969 жылы 19 ақпанда БҚО, Қазталов ауданында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Каспий қоғамдық университетін тәмамдаған.Еңбек өтілін Фурманов ауданының салық инспекциясынан есеп инспекторы болып бастаған. Кейіннен екінші деңгейлі банкттерде түрлі қызметте болған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде инспекторден бастап, басшының орынбасары болды. Содан кейін:- Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі (28.06.2013-05.2016);- Батыс Қаза…

0
0
221

Ауыл тұрғынына көмек көрсетілді

Ауыл тұрғынының баспана мәселесі бойынша қолданыстағы заң аясында, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қажетті кеңес берілді.

Сонымен қатар, екінші мәселесіне қатысты Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қаржылай материалдық көмек көрсетіліп мәселе оң шешімін тапты

0
0
217

Әл-Фараби және музыка

Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары Шығыс пен Батыс мәдениетін тең меңгеріп, өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал, Отырарлық ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Сонымен қатар қасиетті Отырар даласы талай-талай ғұламаларды дүниеге алып келді. Еліміздің Бас Муфтиі, профессор Әббсаттар Дербісәлі «Отырар мәдениеті және Отырарлық ғалымдар» деген еңбегінде осы өңірден шыққан ғалымдар 27 Фарабидің аттарын атайды. Соның бірі Ислам ортағасыр философиясының көрнекті өкілі Әбу Насыр әл- Фараби болса, ендігі бір өкілі біздің үлкен замандасымыз ХХ-ғасырда ғұмыр кешкен Отырарлық ірі тұлға қазақ халқының бір туар дарынды композиторы Шәмші ағамызды айтсақ сол бір үлкен көштің, дәст…

0
0
496

"Белестерді бірге бағындырамыз!"

Ұйымның жетекшілері «Ұлан» газетінің жас тілшілері екенін атап өткен жөн болар. Жас журналистер ұйымының негізгі мақсаты-журналистика саласына бет бұрып, ауқымы кең салаға оқуға түсуді армандаған жас талапкерлерді емтиханға дайындау, білім көкжиегін кеңейту. Енді ұйым ай сайын талапкерлер үшін марафон ұйымдастырып отыратын болады. Алғашқы марафонның қатысушылары сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, мамандық жолында болашақ әріптестерімен байланыс орнатты. Аталмыш марафон аясында жұлдызды кездесу ұйымдастырылған болатын. Танымал кино және театр актрисасы , тележүргізуші, ҚР Мәдениет қайраткері Шынар Асқарова марафон аясында қатысушылармен кездесу өткізіп, қызықтырған сауалдарына жауап берді. Қатысушылар бес күн бойы әртүрлі тапсырмаларды орындап, білім деңгейін арттырып отырды. Марафон ары…

0
0
668